TELS GLOBAL компаниясымен жүктерді сақтандыру

Долговечные партнерские отношения (2) (размытие).pngTELS GLOBAL компаниялар тобы өз Клиенттеріне "барлық тәуекелдер үшін жауапкершілікпен" жүктерді сақтандыру қызметін ұсынады..

Сақтандырудың бұл түрі кез келген жағдайларда және тасымалдаудың барлық кезеңдерінде жүктің зақымдануы немесе жоғалуы кезінде кепілдендірілген өтемақыны қамтамасыз етеді.

Сақтандырудың бұл түрін қымбат және өтімділігі жоғары жүктердің иелеріне, сондай-ақ жүктің сипатына байланысты оның бүліну қаупі жоғары болған кезде ұсынамыз (тез бұзылатын жүк, қауіпті жүк, тасымалдау кезінде температуралық режімнің болуы, сынғыш қаптама және т.б.).

"Барлық тәуекелдер үшін жауапкершілік" шартымен жүкті сақтандыру өтемақы төлемдерін көздейді, оның ішінде, мына жағдайларда:

  • тиеу-түсіру жұмыстары кезінде жүктің зақымдалуы;
  • тасымалдаушының кінәсынан, сондай-ақ оның кінәсынсыз апаттар кезінде жүктің зақымдалуы;
  • үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері кезінде жүктің жоғалуы (ұрлық, тонау, көлік құралын айдап кету және т. б.);
  • форс-мажор жағдайлары (өрт, жарылыс, табиғи апаттар, әскери іс-қимылдар, ереуілдер және т. б.) туындаған кезде жүктің зақымдалуы немесе жоғалуы;
  • тасымалдау кезінде орын алған басқа да күтпеген жағдайлар.


TELS GLOBAL-мен жүктерді сақтандырудың артықшылықтары:

  • төмен тарифтер (TELS GLOBAL-да жүкті сақтандыру құнын кез келген таңдалған қызметте құнды есептеу нысанын толтыру арқылы дәл қазір білуге болады);
  • тасымалдаудың кез келген кезеңінде жүктерді сақтандыру;
  • сақтандыру полисін ресімдеудің жеделдігі;
  • сақтандыру жағдайларын реттеудің жолға қойылған жүйесі;
  • зақымдалған жүкті қарап тексеруді ұйымдастыруға және наразылықтарды реттеуге көмектесу;
  • сақтандыру өтемін жылдам төлеу.

Телефондар:

TELS GLOBAL
Беларусь
Минск
+375 17 352 49 31
TELS GLOBAL
Қытай
Шанхай
+86 021 20 38 02 07
TELS GLOBAL
Ресей
Мәскеу
+7 495 134 43 81
TELS GLOBAL
Қазақстан
Алматы
+7 (727) 355-10-36 +7 (727) 355-10-37