TELS GLOBAL компаниясымен жобалық логистика

Проектная логистика.png

TELS GLOBAL-мен жобалық логистика

Өндірістік желілердің, завод цехтарының, ауылшаруашылығы кешендерінің, мұнай өңдеу заводтарына, электр станцияларына, әуежайларға және т.б. арналған жабдықтардың, оңтайлы логистикалық сұлбалар мен барлық ілеспе қызметтерді толық қамтамасыз ете отырып әлемнің кез келген нүктесінен жүктердің «толық аяқталған» жобалық логистикасы.

Жобалық жүктерді тасымалдаудағы тәжірибе

TELS GLOBAL компаниясының кәсіби қорындағы жобалар:

  • трансконтиненталды және құрлықішілік бағыттар бойынша,
  • әр түрлі елдерден бірнеше жөнелтушілерден жүктің жалпы топтамасын шоғырландырумен,
  • әр түрлі жылжымалы құрамның 100-ден астам бірлігін тарта отырып және бүкіл топтаманың кедендік ресімдеу орнына біржолғы келуін қамтамасыз ете отырып.

Ірі габаритті және ауыр салмақты объектілерді жобалық жүктер құрамында тасымалдау кезінде TELS GLOBAL мамандары оларды жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды толық өз мойнына алады, соның ішінде:

  • Бағыттарды жобалау және сюрвэй.
  • Көлікті іріктеу және дайындау.
  • Жылжымалы құрамда жүктерді орналастыру және бекіту сұлбаларын әзірлеу.
  • Тасымалдауға рұқсат құжаттарын алу.
  • Жұру жолындағы жол құрылмаларын бөлшектеу-монтаждау.
  • Тиеу-түсіру жұмыстары.

Кәсіби команда

Жобалық және габаритті емес жүктерді тасымалдау бөлімінің жоғары білікті мамандары өз Клиенттері мен мердігерлері үшін тәулігіне 24 сағат аптасына 7 күн қол жетімді, күтпеген жағдайларға жедел ден қоюға дайын, барлық мәселелерді барынша өз бетінше, Тапсырыс берушіні барынша аз тарта отырып шешеді.

Тәуекелдермен жұмыс

Клиенттердің тәуекелдерін сақтандыру әрбір жағдай бойынша жауапкершілік лимиті 2 500 000 еуроны құрайтын Клиенттер алдындағы TELS GLOBAL жауапкершілікті сақтандыру полисімен қамтамасыз етілген. Жүктерді сақтандыру сенімділігі жоғары рейтингі бар әлемдік жетекші сақтандыру компаниясында – TTClub жүзеге асырылады. TELS GLOBAL Заң департаментінің мамандары сақтандыру сәтінен бастап сақтандыру жағдайларын реттеуге дейінгі барлық процестерді өздері ұйымдастырады.

Біздің Клиенттер

Біз жобалық тасымалдауды ұйымдастырған Клиенттеріміздің арасында:

  • Ресей мен Беларусьтің мұнай-газ өндіру кәсіпорындары және мұнай өңдеу зауыттары;
  • Африкадағы кен өндіру кәсіпорны;
  • Ресей мен Түрікменстанның ірі әуежайлары;
  • Ресейдің құю және болат илемдеу зауыттары;
  • ЕАЭО елдерінің бірнеше электр станциялары.

Наши контакты:

2a3b159b474de32a874b0e8440ae7b4c.jpg






   

   

   Юращик Евгений
   Жобалық тасымалдау және габаритті жүктер бөлімінің бастығы
   тел.: +7 495 134 43 81 (ішкі 1126)
   email: yurashchik@telsglobal.com




Бағаны сұрау

Жүк және жоба сипаттамасы *
Тиеу орны *
Түсіру орны *
Межелі кеден
Өткізу кезеңі *
Компанияның атауы *
Байланысушы тұлға *
Байланыс телефоны *
Байланыс email *
Түсіндірме
Файл жүктеу
Мен жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісемін. *
CAPTCHA
* - Міндетті өрістер

Телефондар:

ЖШС «ТЕЛС ГЛОБАЛ  БиУаЙ»
Беларусь
Минск
+375 17 352 49 31
ЖШС «Логистика 360»
Ресей
Мәскеу
+7 495 134 43 81
ЖШС «ТЕЛС ГЛОБАЛ КЗ»
Қазақстан
Алматы
+7 727 220 88 06