Темір жол көлігі

TELS GLOBAL-мен теміржол көлігімен тасымалдау

Контейнерлік (FCL және LCL) және ілеспе қызметтердің толық кешенімен "есіктен есікке дейін" форматында теміржол көлігімен жүктерді вагондап тасымалдау.

Контейнерлік тасымалдау географиясы

Контейнерлік жүрдек пойыздар:

  • Қытай - Қазақстан - Қытай
  • Қытай - Ресей - Қытай
  • Қытай - Еуропа - Қытай

Вагондап тасымалдау географиясы (импорт, экспорт)

Ресей, Қазақстан, Украина, Беларусь, Литва, Латвия, Эстония, Әзірбайжан, Грузия, Армения, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия және т. б.

Кешенді қызмет көрсету:

  • тасымалдау бағыттары мен шарттарын оңтайландыру;
  • жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін т/ж көлігімен тасымалдау тарифтерін толық алдын ала есептеу;
  • жылжымалы құрамның жүру жолы бойынша онлайн-трекинг;
  • қосымша тарифтер мен қажетті қызметтерді төлеу: декларациялау, агенттеу, кедендік алымдар, күзет және т. б.
  • жүру жолында бір көлік құралынан және/немесе көлік құралының түрінен екіншісіне жүкті ауыстырып тиеу;
  • жүкті күзету;
  • Беларусь Республикасында жүк жөнелтуші/ жүк алушы ретінде әрекет ету мүмкіндігі.

Қосымша қызметтер:

  • кедендік құжаттарды ресімдеуге көмек;
  • тиімді тарифтер бойынша жүктерді сақтандыру.

TNS GLOBAL тікелей келісімшарттар бойынша мыналармен жұмыс істейді:

  • теміржол әкімшіліктерімен;
  • вагондардың меншік иелерімен;
  • Қытай теміржол операторларымен;
  • паром өткелдерімен.

Кәсіби команда

Жүк тасымалын ұйымдастыруды теміржол тасымалдарында 10 жылдан астам сараптамасы бар жоғары білікті мамандар жүзеге асырады.

Әр Клиентке жеке көзқарас, дербес менеджер тәулік бойы қол жетімді.

Тәуекелдермен жұмыс

Алыс шетелдердің аумағында жүктермен жұмыс істеуге тек беделі тексерілген және TELS GLOBAL-мен ынтымақтастықтың табысты тарихы бар серіктес агенттер ғана жіберіледі.

Клиенттердің тәуекелдерін сақтандыру әрбір жағдай бойынша жауапкершілік лимиті 2 500 000 еуроны құрайтын Клиенттер алдындағы TELS GLOBAL жауапкершілікті сақтандыру полисімен қамтамасыз етілген. Жүктерді сақтандыру сенімділігі жоғары рейтингі бар әлемдік жетекші сақтандыру компаниясында – TTClub жүзеге асырылады. TELS GLOBAL Заң департаментінің мамандары сақтандыру сәтінен бастап сақтандыру жағдайларын реттеуге дейінгі барлық процестерді өздері ұйымдастырады.

Біздің клиенттеріміздің арасында ірі өндірістік және сауда компаниялары бар (сұраныс бойынша ұсынымдар).


Бағаны сұрау

Компанияның атауы
Байланысушы тұлға
Байланыс телефоны *
Байланыс email *
Жүк коды (СЭҚТН, БТСН, ЖҮН) *
Жөнелту станциясы *
Межелі станциясы *
Вагондағы жүктің салмағы, брутто *
Жалпы тасымалдау көлемі
Вагон типі
Түсіндірме
Мен жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісемін. *
CAPTCHA
* - Міндетті өрістер

Телефондар:

ЖШС «ТЕЛС ГЛОБАЛ  БиУаЙ»
Беларусь
Минск
+375 17 352 49 31
ЖШС «Логистика 360»
Ресей
Мәскеу
+7 495 134 43 81
ЖШС «ТЕЛС ГЛОБАЛ КЗ»
Қазақстан
Алматы
+7 727 220 88 06