Тасымалдаушыларға

Көлік компаниялармен жұмыс

TELS GLOBAL компаниялар тобы көлік компанияларын халықаралық автомобиль тасымалы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа шақырады. Ірі көлік-экспедициялық компаниямен ынтымақтастықты, кәсіпқойлар командасымен өзара іс-қимылды, қызметтерге кепілді ақы төлеуді ұсынады.


Автомобиль көлік компаниялары үшін

road.jpg

TELS GLOBAL КТ кепілдік береді:

  • Жүктеулер бойынша тұрақты ұсыныстар (импорт және экспорт).
  • TELS GLOBAL жеке кураторымен тасымалдауды үздіксіз сүйемелдеу.
  • Ілеспе құжаттаманы білікті ресімдеу.
  • Төлем бойынша міндеттемелерді уақтылы орындау.
  • Жүру бағыты бойынша ықтимал проблемаларды шешуге жәрдемдесу.

TELS GLOBAL КТ- мен ынтымақтастық үшін автомобиль тасымалдаушысы мынадай талаптарға сай болуы тиіс::

  • ЖЖТК конвенциясына сәйкес тасымалданатын жүк үшін жауапкершілікті сақтандырудың болуы (ұзақ мерзімді не болмаса біржолғы).
  • Автомобиль көлігі компаниясының іскерлік беделі.
  • TELS GLOBAL КТ белгіленген рәсімдерге сәйкес автомобиль көлік компаниясының жұмысқа рұқсат беру процесінен сәтті өтуі.
  • Автомобиль көлік компаниясының мүмкіндіктерінің тасымалдау бағыттары мен жылжымалы құрам бойынша TELS GLOBAL қажеттіліктеріне сәйкестігі.
  • Автомобиль көлік компаниясының жұмыс стандарттарының TELS GLOBAL КТ талаптарына сәйкестігі.
Сіз TELS GLOBAL КТ-мен ынтымақтастықты Көлік компанияларымен жұмыс департаментіне телефон арқылы хабарласу немесе сілтеме бойынша нысанды толтыру арқылы бастай аласыз.



Әуе компаниялары үшін

air.jpg

ТЕLS GLOBAL өз клиенттері үшін бүкіл әлем бойынша әуе көлігінің қатысуымен әртүрлі жүк түрлерін жеткізуді жүзеге асыра отырып 2007 жылдан бастап жүк әуе тасымалдау нарығында жұмыс істейді.


Әуе тасымалының географиясы:

Еуропа: Ресей және Жақын шетел, Австрия, Англия, Венгрия, Германия, Швеция, Португалия, Испания, Исландия, Италия, Чехия және Еуропаны басқа да елдері.

Азия: Ауғанстан мен Қытайдан Қырғызстанға дейін.

Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Америка: Канада, АҚШ, Мексика, Куба, Венесуэла, Никарагуа, Чили, Аргентина, Бразилия

Таяу Шығыс: Израиль, Иран, Йемен, Катар, Кувейт, Ливан, БАӘ, Сауд Арабиясы, Сирия, Түркия және аймақтың басқа елдері

Аустралия: Сидней, Канберра, Мельбурн және т. б.

Африка: Алжир, Египет, Нигерия, Судан, Эфиопия, ОАР және т.б.


Әуе тасымалдау бөліміне хабарласу арқылы Сіз өзіңіздің жұмыс шартыңызды (тарифтер кестесі, тасымалдау географиясы және т.б.) ұсына аласыз.



Теңізбен тасымалдаушылар үшін

sea.jpg

TELS GLOBAL компаниялар тобы теңіз көлігін пайдалана отырып, жүк жеткізуді ұйымдастырады:

  • FCL стандартында (толық тиелген контейнер);
  • LCL стандартында (құрама жүк).

Біз қызмет көрсететін аумақ: Еуропа, Ресей, Азия, Таяу және Қиыр Шығыс (соның ішінде Қытай), Үнді түбегінің елдері, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африканың солтүстік, оңтүстік, батыс және шығыс жағалаулары, Австралия және Жаңа Зеландия.

Тасымалданатын жүктердің түрлері:

  • контейнерлік жүктер;
  • температуралық режімді сақтауды талап ететін жүктер;
  • жобалық (ірі габаритті, ауыр салмақты және т.б.) жүктер;
  • қымбат жүктер;
  • қауіпті жүктер;
  • жиынтықты, мамандандырылған, бас жүктер.

Теңізбен тасымалдау бөліміне хабарласу арқылы Сіз өзіңіздің жұмыс шартыңызды (тарифтер кестесі, тасымалдау географиясы және т.б.) ұсына аласыз.


Теміржолдар үшін

rail.jpg

TELS GLOBAL компаниясы Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы, ТМД елдері, Балтық жағалауы және Орта Азия аумағы бойынша жүктерді теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастырады (экспорт, импорт, транзит).

Компанияда кез келген үлгідегі (оның ішінде габаритті емес және қауіпті) және кез келген мөлшердегі (бір контейнерден немесе вагоннан бағыттық жөнелтілімдерге дейін) жүктерді тасымалдау бойынша қызметтердің толық кешенін көрсететін теміржол тасымалдарын ұйымдастыруда үлкен тәжірибесі бар мамандар жұмыс істейді.

Теміржол тасымалы бөліміне хабарласу арқылы сіз өзіңіздің жұмыс шартыңызды (тарифтер кестесі, тасымалдау географиясы және т.б.) ұсына аласыз.