Жылдың бірінші жартысында Қазақстанның экспорты 8,6%-ға өсті

Қазақстан әлемдік нарықтардағы өз орнын нығайтуды жалғастыруда. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстаннан тауар экспорты $40,3 млрд-ты құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,6%-ға өсті. Бұл ретте импорт 5,4%-ға өсіп, $31,5 млрд-қа жетті.

Ең жоғары нәтижелердің бірі – Түркияға экспорт көлемінің айтарлықтай артуы. Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша Қазақстанның Түркияға экспорты 94,3%-ға өсті.

Экспорттың елеулі өсімі Франция бағытында – 45,2%-ға, Өзбекстанға – 39,5%-ға, Германияға – шамамен 10%-ға және бірқатар басқа нарықтарда да тіркелді.

Қытай қазақстандық тауарлар үшін ең ірі жеке нарық мәртебесін сақтап отыр. 2026 жылдың қаңтар–маусымда Қазақстанның Қытайға экспорты шамамен $7,51 млрд-ты немесе елдің жалпы экспортының 18,6%-ын құрады.

Экспорттың негізгі бағыттарының ондығына сондай-ақ Италия – $6,98 млрд, Ресей – $3,49 млрд, Түркия – $3,23 млрд, Нидерланд – $2,6 млрд, Франция – $2,32 млрд және Өзбекстан – $2,14 млрд кірді.

Дереккөз: baq.kz
Стать
клиентом
Закрыть окно
Для решения ваших логистических задач, заполните, пожалуйста, форму и мы свяжемся с вами
Раскрыть контакты

Компанияның атауы *
Байланысушы тұлға *
Байланыс телефоны *
Байланыс email *
Тиеудің қалаулы күні
Тасымалдар бағыты *
Тауарларды тасымалдау мүмкіндігі ADR *
Габаритсіз жүктерді тиеу мүмкіндігі
Жүк бөлімшесінің түрлері *
КҚ саны *
Түсіндірме
Файл жүктеу
CAPTCHA
* - Міндетті өрістер