2026 жылдың 1 маусымынан бастап ЕСУТД-да жол парақтары мен тауар-көлік жүкқұжаттарын (ТКЖ) тіркеу "қатаң түрде міндетті" деп танылды. Бұл норманың іргетасы сонау 2020 жылы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №546 бұйрығымен қаланған болатын. Бірақ 10 жылдан бері ол ерікті сипатта ғана болып келді.
Салдарынан, салмағы 3,5 тоннадан асатын көлікпен жүк тасымалын жүзеге асыратын нарық қатысушылары соққы астында қалды. Енді әрбір рейс (!) цифрлық базада тіркелуге тиіс. Енді жүктің әрбір тоннасын емес, әрбір данасын және оны тасыған әрбір рейсті тіркеуге көшті. Тіркелуді ұмытып кетсең – айыппұл арқалайсың.
Бұған дейін "Атамекен" ҰКП алаңында шенеуніктер, логистер, өндірушілер мен салалық қауымдастықтар өкілдерінің басын қосқан ауқымды тыңдау өткен еді. Онда бизнес мынаны ашық мәлімдеді, бірқатар инфрақұрылымдық және техникалық проблемаларын шешпей, ЕСУТД-ты толыққанды енгізуге болмайды.
Билік тарапынан бизнес пікіріне назар аударылып жатқаны байқалады. Тасымалдаушылар мен "Атамекен" ҰКП-ның қатал ұстанымын ескеріп, Көлік министрлігі ЕСУТД бойынша даулы норманың қолданысын 2027 жылдың 1 қаңтарына дейін уақытша тоқтата тұруды жоспарлап отыр. Бұл үзіліс тасымалдаушы-логистикалық компанияларға, жүк жөнелтушілер мен бухгалтерлерге асығыстық пен айыппұл санкцияларынсыз, компаниядағы процестерді ретке келтіру, деректер базасын интеграциялау үшін қажетті уақыт берер еді.
Дегенмен, бұйрық ресми түрде жарияланып, күшіне енгенге дейін ескі, қатал ережелер қолданыла береді.
Дереккөз: inbusiness.kz