Түркі мемлекеттерінің өзара саудасы 11,9 млрд долларға жетті

Түркістан қаласында Түркі мемлекеттерінің ұйымы экономика және сауда министрлерінің 14-ші кездесуі өтті. Қатысушылар сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуды талқылады, сондай-ақ кооперацияны тереңдету жөніндегі нақты қадамдарды келісті.

2025 жылдың қорытындысы бойынша ТМҰ елдерінің өзара сауда көлемі 11,9 млрд АҚШ долларынан асты. Қазақстанның ең үлкен тауар айналымы Өзбекстанмен - 4,3 млрд доллар, Түркиямен - 4,9 млрд доллар, Қырғызстанмен - 2 млрд доллар, Әзірбайжанмен - 425 млн доллар болып тіркелді.

Инвестициялық өзара іс-қимыл нығайтылуда. Соңғы 20 жылда (2005-2025 жж.) ТМҰ елдерінен Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 6,3 млрд доллардан асты, оның ішінде 2025 жылы шамамен 210 млн доллар. Өз кезегінде, ТМҰ мемлекеттерінің экономикаларына қазақстандық инвестициялар 2025 жылы 1,3 млрд доллардан астамын қоса алғанда шамамен 5 млрд долларға жетті.

Қазақстанда ТМҰ елдері капиталының қатысуымен 12 мыңнан астам компания және сауда мен өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға елеулі үлес қосатын 1300-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Кездесу қорытындысы бойынша түркі мемлекеттерінің ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы экономика, сауда, инвестициялар және қаржы салаларындағы ынтымақтастықтың Жол картасы бекітілді. Құжат бірлескен жұмыстың басым бағыттарын және оларды тәжірибелік іске асыру тетіктерін айқындайды.

Дереккөз: baq.kz