Азиядан Еуропаға контейнерлік тасымалдардың бағасы Қызыл теңіздегі дағдарыс аясында екі есеге өсті, бұл йемен көтерілісшілері — хуситтердің сауда кемелеріне зымыран шабуылдарының жиілеуімен байланысты.
Freightos жүктерді брондау платформасының деректеріне сәйкес, Азиядан Еуропаның солтүстігіне қырық футтық контейнерді жеткізу үшін бүгін екі есе көп, атап айтқанда $4 мың төлеу керек, ал кемелер әдетте Қызыл теңізбен және Суэц каналы арқылы жүзетін Жерорта теңізі өңіріне осындай контейнерді жеткізу $5175 тұрады.
Бағаның көтерілуіне көптеген тасымалдаушылардың кемелерді Қызыл теңіз бен Суэц каналын айналып өтуі себеп болды – контейнер тасушылар Африканы оңтүстіктен айналып өтеді. Осыған байланысты рейстер 7-20 күнге ұзартылады, бұл контейнер тасушылардың тапшылығын тудырады.
Дереккөз: Reuters