Xeneta компаниясы теңіз желілерінің жарияланған кестені сақтау деңгейіне қарай қызмет көрсету сапасының рейтингін жариялады. Рейтингтегі көрсеткіштердің айырмашылығы өте үлкен екені назар аударады: рейтинг көшбасшысы (Maersk) кестені сақтау бойынша 59% көрсеткішке қол жеткізсе, соңғы, 12-орындағы компанияда (Wan Hai) бұл көрсеткіш небәрі 15%-ды құрайды.
Бұл деректер әлемдік теңіз желілерінің жалпы кесте сақтау сенімділігінің тез төмендеп бара жатқанын көрсетеді. 2025 жылдың сәуір айында Sea Intelligence деректеріне сәйкес, мұхиттық тасымалдар кестесінің орташа сенімділігі 58,7%-ды құрады. Бұл ретте Maersk пен Hapag-Lloyd кесте сенімділігін 70%-дан жоғары деңгейде сақтап отырды. Бүгінде бұл желілердің кесте сақтау сенімділігі тиісінше 59% және 57% деңгейінде.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирус індеті басталғанға дейін, 2019 жылы порттарға кемелердің келу кестесінің сенімділігі орта есеппен 75% деңгейінде болған. Теңіз рейстері кестесін сақтау бойынша ең төменгі көрсеткіш 2021 жылдың қаңтарында тіркелді – 35%-дан да төмен.
Дереккөздер: infranews.ru, telsglobal.ru