Ресей Федерациясындағы арта түскен баждар мен жаңа қауіпсіздік депозиттері

Ресейдің кеден органдары бизнеске ЕАЭО-дан әкелінетін «дос емес» елдерде өндірілген тауарларға көтеріңкі баж салығын есептей бастады, деп жазады Forbes.

Бұған дейін Одақ елдерінде сатып алынған өнімдер ФКҚ-ның 2023 жылғы хатына сәйкес осындай алымдардан босатылған болатын. Алайда, қазір кеденшілер косметика, киім және парфюмерияны қоса алғанда, 2022 жылғы 7 желтоқсандағы үкімет тізіміндегі тауарларға — 2027 жылдың соңына дейін 15%-дан 50%-ға дейін жоғары мөлшерлемелер бойынша баждарды қосымша есептеп жатыр.

Құқық қолданудың өзгеруі ЕАЭО арқылы «дос емес» юрисдикциялардан кері экспортты бақылауды күшейтумен байланысты. Қосымша төлемдерді болдырмау үшін бизнеске тауарлардың шығу тегін сертификаттармен растау ұсынылады.

***

РФ Мемлекеттік Думасы бірінші оқылымда импорттаушылардың ЕАЭО елдерінен тауарларды автомобиль көлігімен әкелу кезінде кепілдік төлем жасау міндеті туралы заң жобасын қабылдады. Қамсыздандыру төлемі туралы нормалар 2026 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.

Импорттаушы алдағы жеткізілім туралы құжатты ресімдеу кезінде, ЕАЭО елдерінен тауарларды әкелу кезінде жанама салықтарды төлеу тетігіне қамсыздандыру төлемін енгізеді. Төлем төлеу міндеті туындаған кезең үшін жанама салықтар бойынша декларацияны тапсырған кезде төлем автоматты түрде есептеледі. Егер жеткізілім орындалмаса, кепілдік төлемді алдағы жеткізілім туралы құжат қалыптасқан күннен бастап үш жыл ішінде басқа ұқсас міндеттемелерге пайдалануға болады.

Ірі салық төлеушілер, салық мониторингіндегі компаниялар және уәкілетті экономикалық операторлар қамсыздандыу төлемінен босатылды. 

Дереккөздер: ati.su, tks.ru