Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) мәліметтеріне сәйкес, жаһандық азаматтық авиацияның жүк айналымы қыркүйекте өткен жылмен салыстырғанда 1,9%-ға өсіп, 20,8 млрд т-км құрады. Әуе жүктерін тасымалдауға сұраныстың артуы екінші ай қатарынан байқалуда.
Таяу Шығыстағы әуе компаниялары өз айналымын 2,5%-ға, Латын Америкасы авиакомпаниялары 2,3%-ға арттырды.
Тасымалдау көлемінің ең көп қысқаруын Солтүстік Америка мен Еуропа әуе компаниялары көрсетті: Солтүстік Америкада жүк айналымы өткен жылмен салыстырғанда 2,2%-ға, Еуропада да жүк айналымы – 2022 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 1,5%-ға қысқарды.
Африкалық авиакомпаниялардың әуе қозғалысының көлемі 0,1%-ға төмендеді, бірақ қыркүйекте Африка-Азия бағыттарында сұраныстың айтарлықтай өсуі байқалды (+12,8%).
Дереккөз: