Ағымдағы жылдың мамыр айында Қытай-Еуропа т/ж көліктерінің халықаралық бағыттарында тасымалданған жүктердің айлық көлемі бойынша рекорд орнатылғанын "Қытай теміржолдары" корпорациясының мәліметтері куәландырады.
Өткен айда аталған бағыттар бойынша жүріп өткен жүк пойыздарының саны жылдық есепте 14% - ға 1724-ге дейін өсті. Барлығы 186 мың TEU тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға жоғары және Қытай-Еуропа жүк т/ж бағыттарының айлық рекорды болып табылады.
Дереккөз: ati.su