Қызыл теңізді айналып өтетін құрлықтық дәліздер

Hapag-Lloyd неміс кеме қатынасы компаниясы Аден шығанағы мен Баб-эль-Мандеб бұғазында хуситтермен соқтығысуды болдырмау мақсатында БАӘ мен Сауд Арабиясы арқылы құрлық жолын ашқандығы туралы неміс басылымы Der Spiegel жазды.

Құрлық арқылы өтетін дәліз БАӘ-дегі Джебель-Али, Сауд Арабиясының Парсы шығанағындағы Дамам мен Джбейлді порттарын Қызыл теңіздегі Джидда портымен байланыстырады. Hapag-Lloyd бұл дәлізді Қызыл теңіздегі жағдай қалыпқа келгенге дейінгі «қолайлы шұғыл шешім» деп атады.

***

Қызыл теңіздегі жалғасып жатқан дағдарысқа жауап ретінде Италия автомобиль көлігі Федерациясы (FAI) ЕО-ты Бреннер асуы арқылы жүк көліктерін пайдалануға қойылған шектеулерді алып тастау үшін Австрияға қысым көрсетуге шақырады.

Fai-Conftrasporto ұлттық президенті Паоло Угги дәстүрлі теңіз бағдарларының стратегиялық баламасын ұсына отырып, Италия порттарындағы кемелерден жүк көліктеріне немесе пойыздарға тауарларды ауыстырып жүктейтін жылдам құрлық дәліздерін құруға шақырады. Бұл Гибралтар айналасында жүзу үшін қажет 7-8 күнге қарағанда, Солтүстік Еуропа елдеріне тауарлардың транзиттік уақытын 3-4 күнге дейін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.

Алайда Австрияның Бреннер асуында жүк көліктерінің қозғалысына енгізген шектеулері бұл дәліздерді құруға кедергі келтіреді.

Дереккөз: trans.info