Қызыл теңіздегі дағдарыс әуе тасымалына қызығушылықты арттырады

Қызыл теңіздегі дағдарыстан туындаған жеткізу тізбегіндегі іркілістер компанияларды Азиядан Еуропаға тасымалдаудың балама нұсқаларын белсенді түрде іздестіруге мәжбүрлеуде.

Теңіз және әуе тасымалы тарифтерін қадағалайтын Xeneta платформасының деректері 2-ші күнтізбелік аптада Вьетнамнан Еуропаға әуе тасымалы көлемі алдыңғы аптамен салыстырғанда 62% -ға өскенін көрсетеді. Бұл көлемі жағынан ең жақсы 2023 жылғы аптаға қарағанда 6%-ға және 2023 жылғы қаңтардың екінші аптасына қарағанда 16%-ға жоғары болды.

Xeneta сарапшыларының пікірінше, алдағы екі апта бұл үрдістің тұрақты болып қалар ма екенін көрсетеді. Әзiрге авиатасымалдар үшiн қолда бар қуаттар нарықта жеткiлiктi, бiрақ жүк авиатасымалдарына сұраныстың одан әрi ұлғаюы қол жетiмдi қуаттардың қысқаруына және тиiсiнше бағалардың жедел өсуiне алып келуi мүмкiн.

Дереккөз: trans.info