Қазақстанның шекарасын кесіп өту оңай әрі жылдам болады

Қазақстанның қаржы министрі Мади Такиевтің сөзінше кеден инфрақұрылымын жаңарту аяқталып қалды. «Осы аптада «Қазығұрт» және «Темір-баба» іске қосылады, 25 желтоқсанда «Тажен», «Майқапшағай», «Бақты» өткізу бекеттері жұмысын бастайды. Төрт бекет пайдалануға енгізілді: екеуі – Қытаймен шекарада, екеуі – Өзбекстан шекарасында. Тоғыз өткізу бекетін жаңарту аяқталып келеді», – жеп хабарлады ол.

Сонымен қатар, оның сөзінше, Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы «Жібек Жолы» өткізу бекетін қайта құрылымдау жалғасуды. Жаңартудан кейінгі нысанның өткізу қабілеті тәулігіне 70 мың адамды және 2 мың автокөлікті құрайды.

Ол сонымен қатар, қазіргі таңда Қытаймен үш көлік-логистикалық орталықтар жұмыс істеп жатқанын, ал «Нұр Жолы» бекетінің жанында ірі габаритті көлікті уақытша сақтауға арналған қойманың ашылғанын хабарлады.

Бұл ретте, оның сөзінше, шекаралас аудандардағы байланыс сапасына қатысты мәселе әзірге шешілмеген күйінде қалып отыр, бұл электронды кезек және цифрлық сервистердің тұрақты жұмысына әсерін тигізеді.

Ағымдағы жылдың қараша айында Қазақстан мен Қытайдың шекарасында шамамен 1,5 мың жүк көліктері жиналып қалғаны мәлімделген. Бұл ретте, ертеректе Қазақстанда "Құрманғазы" БӨБ-де (Атырау – Астрахань тас жолы) көп километрлі кезек кептілісіне шағым түсірілген.

Дереккөз: lsm.kz