NF Group консалтингтік компаниясының деректеріне сәйкес, 2024 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстандағы бос қойма алаңдарының үлесі 2023 жылдың III тоқсанымен салыстырғанда 0,6 п.т. ұлғайып, ұсыныстың жалпы көлемінің 1,6% құрады. Еліміздің сапалы қоймалық жылжымайтын мүлік нарығы алты айда 68 мың шаршы метрге толығып, 1,4 млн шаршы метрге жетті.
Алаңдардың негізгі көлемі Алматыда (66%), Астанада (шамамен 20%) және Ақтөбеде (7%) шоғырланған.
А класындағы дайын қойма алаңдарына орташа өлшемді жалдау мөлшерлемелері ҚҚС-сыз 9%-ға жылына бір шаршы метрге $153 дейін, ал В класындағы объектілерде 16%-ға, жылына бір шаршы метрге $107-ге дейін өсті.
2024 жылдың І тоқсанының соңында Қазақстанда 2024-2025 жылдары іске қосу жоспарланған 230 мың шаршы метр сапалы қоймалар салынуда.
Дереккөз: ati.su