Қазақстанда республикалық маңызы бар 4,7 мың шақырым жол салынады, деп хабарлайды Көлік министрлігі. Оның 3,7 мың шақырымы I санатты, ал қалған 1 мың шақырым II санатты жолдар болады.
2025 жылы құрылысы басталатын жобалар:
- "Ақтөбе–Ұлғайсын" (234 шақырым),
- "Қарағанды–Жезқазған" (572 шақырым),
- "Сарыағаш қаласының айналма жолы" (102 шақырым),
- "Қызылорда қаласының айналма жолы" (20 шақырым),
- "Атырау–Доссор" (86 шақырым),
- "Рудный қаласының айналма жолы" (16,9 шақырым),
- "Жаңаөзен–Кендірлі" (156 шақырым),
- "Петропавл қаласының айналма жолы" (8 шақырым).
Биыл Достықтан Мойынтыға дейін теміржолдың құрылысы аяқталады. Учаскенің өткізу қабілеті бес есе артады. Сонымен қатар биыл Алматыны айналып өтуге мүмкіндік беретін темір жолдың құрылысы аяқталады.
2024 жылы құрылыс, қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарының жалпы көлемі 12 мың шақырым жолды құрады.