2024 жылы Қазақстанда А класындағы қоймаларды жалға алу айына шаршы метріне 5,6 – 5,8 мың теңгені құрады, бұл IBC Real Estate деректеріне сәйкес 2023 жылмен салыстырғанда 20%-ға артық. 2025 жылы осы қоймаларға жалдау мөлшерлемелері 2024 жылмен салыстырғанда 29%-ға өсіп, 5,8 – 6 мың теңгеге жетеді деп болжануда.
2024 жылдың 11 айында Қазақстанда рекордтық 191 мың шаршы метр жаңа алаң пайдалануға берілді,бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жуық. Жыл соңына қарай бұл көрсеткіш 255 мың шаршы метрге жетеді деп күтілуде. 2025 жылға болжам 277 мың шаршы метр құрылысты көздейді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9% өсімді қамтамасыз етеді.
2024 жылдың негізгі жобалары Алматы мен Астанада іске асырылды, олар еліміздің негізгі логистикалық орталықтары болып қала береді. Қараша айының басында NF Group консалтингтік компаниясы Қазақстанның қоймалық жылжымайтын мүлік нарығындағы ұсыныс көлемі қаңтар-қыркүйекте 1,55 млн шаршы метрді құрап, бір жылда 19,4% - ға өскенін хабарлады. Орталық Азиядағы ең ірі қазақстандық нарық логистикалық және қойма қызметтерінің ең жоғары құнымен сипатталады — жылына бір метрге 191 доллар.
Дереккөз: kursiv.media