Республиканың Экономика министрлігінің Экономикалық зерттеу институтының деректеріне сүйенсек, Қазақстанда қаңтар-мамыр айларында экспорт көлемі 1,8%-ға, яғни $32,5 млрд дейін ұлғайды. Бұл көрсеткіштің ұлғаюына мұнайды, мысты, редиоактивті элементтерді және ферроқорытпаларды жеткізу көлемінің артуы ықпал етті.
Қазақстанның негізгі серіктестерінің арасында Қытай мен Италияны атап өтуге болады. Өткен жылғы ұқсас кезеңдегі көрсеткіштермен салыстырғанда қаңтар-мамыр айларында ҚХР-ға экспорт көлемі 19,4%-ға ұлғайып, $6,8 млрд-қа жетті. Италияға жеткізулер көлемі 10,5%-ға қысқарғанына қарамастан, $4,6 млрд құрады.
Осы кезең ішінде Қазақстанға Ресейден экспорттау көлемі $2,8 млрд құрады, өткен жылмен салыстырғанда 5,7%-ға ұлғайды.
Бұл ретте, көрсеткіш 10,1%-ға, яғни $7,2 млрд дейін төмендегеніне қарамастан, Ресей республикамызға тауарларды ең көп жеткізуші болып табылады. Елімізге негізінен автокөліктер ($3,4 млрд), дәрі-дәрмектер ($2,2 млрд), телефондар ($1,9 млрд) және ұшу аппараттары ($1,3 млрд) жеткізіледі.
Дереккөз: vedomosti.ru