Қазақстанда жүк тасымалы бірінші тоқсанда 14% өсті

Қазақстанның көлік және логистика секторы сенімді өсім көрсетіп отыр. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елде тасымалданған жүк көлемі 269,6 млн тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,9% артық.

Қазақстан темір жолдары 2025 жылғы қаңтар–наурызда 14,9% артық жүк (111 млн тоннадан астам) тасымалдады. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 7,8% (70 млн. тоннаға жуық) ұлғайды. Теңіз және ішкі су көлігі 56% рекордтық өсім көрсетті (жүк тасымалдау көлемі 1,02 млн тоннаға жетті).

Дерек көзі: inbusiness.kz