Қазақстан, Ресей және Қытай бірлесіп «Солтүстік-Оңтүстік» ХКД дамытуда

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қытайлық Xi'an Free Trade Port және ресейлік «Славтранс-Сервис» АҚ-мен Селятино станциясында (Мәскеу облысы, РФ) CRK Terminal көліктік-логистикалық орталығын салу және Сиань – Достық/Алтынкөл-Селятино бағытында Бірыңғай цифрлық платформаны бірлесіп пайдалану туралы келісімге қол қойды, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, ҚТЖ «Ресей темір жолдары» ААҚ-мен теміржол инфрақұрылымын жаңғырту туралы келісімге қол қойды, бұл дәліздердің тиімділігін арттырады және Шығыс – Батыс бағытында және «Солтүстік-Оңтүстік»халықаралық көлік дәлізінде экспорттық және транзиттік тасымалдар көлемін ұлғайтады.

Сондай-ақ, «Қазақстан темір жолы» мен «ФинИнвест» ЖШҚ арасында контейнерлік тасымалдарды және ілеспе терминалдық инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастық ниеттері туралы меморандумға қол қойылды. Құжатта Астана қаласында ресейлік жүктердің Қазақстан арқылы транзитін ұлғайтуға мүмкіндік беретін заманауи мультимодальды көлік-логистикалық орталық салу мүмкіндігі көзделген.

Дереккөз: ati.su