Қазақстан мен Ресей арасындағы теміржол тасымалы жыл басынан бері 5%-ға өсті

«2025 жылғы қаңтар – қазан қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы темір жол көлігімен тасымалдау көлемі 71,6 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артық, оның ішінде жүк экспорты 5%-ға, 43,8 млн тоннаға дейін өсті», – делінген «Қазақстан темір жолдары» ҰК» АҚ хабарламасында («Қазақстан темір жолы», ҚТЖ).

Екі мемлекет арасындағы контейнерлік тасымалдар да сенімді оң динамиканы көрсетеді. 2025 жылдың 10 айында темір жол арқылы 650 мың ЖФБ (жиырма футтық баламалар) тасымалданды, бұл өткен жылғы деңгейден 13%-ға жоғары.

Дереккөз: rzd-partner.ru