«Қазақстан темір жолдары» (ҚТЖ) ақпаратына сәйкес, 2025 жылдың 8 айында Қазақстан мен Ресей арасындағы темір жол тасымалының көлемі жылдық мәнде 3,2%-ға ұлғайды. Бұл ретте қазақстандық жүктердің Ресей бағытында және оның аумағы арқылы транзитпен экспорты 35,3 млн тоннаға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,8%-ға (немесе 2,2 млн тоннаға) артық.
Атап айтқанда, РФ арқылы көмір жеткізу 8 млн тоннаны құрап, 36,4%-ға (немесе 2,1 млн тоннаға) өсуді көрсетті. Дәнді дақылдар экспортының көлемі 1,5 млн тоннаға жетті, бұл былтырғы көрсеткіштен 5,3 есе артық (1,2 млн тоннаға өсім), деп хабарлады компания.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың шілдесінде Ресей, Қазақстан, Иран және Түркіменстан арасында 2024-2025 жылдарға арналған Солтүстік – Оңтүстік көлік дәлізінің шығыс бағытының инфрақұрылымдық әлеуетін дамыту бойынша бірлескен «жол картасына» қол қойылды.
2025 жылдың соңына дейін Қазақстан мен Ресей Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәлізінің шығыс бағытын дамытуға бағытталған екіжақты келісім жасасуға ниетті, деп хабарлады ұлттық тасымалдаушының (ҚТЖ) баспасөз қызметі. «Тараптар [отырыста] 2030 жылға дейін мемлекетаралық түйісу пункттерін (МАТП) дамыту туралы келісімдердің және ағымдағы жылдың соңына дейін қол қоюға жоспарланған Солтүстік – Оңтүстік халықаралық көлік дәлізінің шығыс бағытының мәтіндерін талқылады», – деп атап өтті компания.
Дереккөз: rzd-partner.ru