Әзірбайжанның Статистика жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тауар айналымының көлемі $470,4 млн құрады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 49,8%-ға жоғары. Әзірбайжан өнімінің Қазақстанға экспорты өткен жылы $337,3 млн (56,4% - ға өсті), қазақстандық тауарлардың Әзірбайжанға импорты - $133,1 млн (35,1% - ға өсті) жетті.
Қазақстандық дереккөздердің мәліметтері бойынша, 2024 жылы елдер арасындағы тауар айналымы 533 млн долларды құрады. Транскаспий бағыты бойынша Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы жүк тасымалы 62%-ға өсті.
Дереккөздер: ati.su, informburo.kz