Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы екі бағытта да артып келеді

2026 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол арқылы жүк тасымалының көлемі 31,8 млн тоннаны құрады. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 8%-ға көп.

Қаңтар-қазан айларында Қытайдан Қазақстанға 12,1 млн тонна жүк жеткізілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 9%-ға жоғары.

Қазақстаннан Қытайға бағытталған жүк тасымалы да ұлғайған. Он айда осы бағытта 19,7 млн тонна жүк жөнелтілді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға көп.

Достық станциясы арқылы тасымал көлемі 12%-ға өсіп, 13,1 млн тоннаға жетті. Ал Алтынкөл арқылы 6,6 млн тонна жүк жөнелтіліп, өсім 1%-ды құрады.

Дереккөз: baq.kz