Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол жүк тасымалы 9%-ға артты

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол арқылы жүк тасымалы тұрақты өсім көрсетті.

Алты айдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы жүк айналымы 18,7 миллион тоннаға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға артты.

Статистикаға сәйкес, жүк тасымалының екі бағыты бойынша да оң динамика қалыптасқан. Қытайдан Қазақстанға 7 миллион тонна жүк жеткізіліп, бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 9 пайызға көп болды. Ал Қазақстаннан Қытайға 11,7 миллион тонна жүк жөнелтілген. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 10 пайызға жоғары.

Экспорт көлемі де айтарлықтай артқан. Қазақстаннан Қытайға жөнелтілген кен, құрама жем, қара және түсті металдар, астық, мұнай және мұнай өнімдері секілді негізгі экспорттық жүктердің көлемі 8,5 миллион тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға өскен.

Дереккөз: baq.kz