Қазақстан инфляция бойынша көш басында

Қазақстан Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері арасында баға өсімі бойынша алда келеді.

2026 жылғы ақпанда ЕАЭО елдеріндегі жылдық инфляция әртүрлі болды. Ең жоғары көрсеткіш – Қазақстанда, 11,7% деңгейінде тіркелді. Одан кейінгі көрсеткіштер: Қырғызстан – 9,7%, Ресей – 5,9%, Беларусь – 5,6%, Армения – 4,3%.

Қазақстандағы инфляция құрылымына қарасақ, ең көп баға өсімі азық-түлікте – 12,7% болды. Азық-түлік емес тауарлар 11,6%-ға, қызмет көрсету саласы 10,8%-ға қымбаттады.

Дереккөз: lsm.kz