Қазақстан Ауғанстан экономикасына инвестиция салуды жоспарлап отыр

Қазақстан Ауғанстанның көлік инфрақұрылымын дамытуға қомақты қаражат салуға дайын екенін білдірді. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің Ауғанстан үкіметі басшысының орынбасары Абдул Гани Барадармен кездесуінде ел аумағында маңызды теміржол желісін салуға $500 млн инвестициялау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлайды Amu TV.

Жоба Герат арқылы Торгундидің солтүстік қаласынан елдің оңтүстігіндегі Спин-Болдакқа дейін теміржол бағытын салуды көздейді. Бұдан басқа, Қазақстан Гератта осы инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға қолдау көрсететін көліктік-логистикалық компания құруға ниетті.

Қазақстан Ауғанстанның тау-кен өндіру, мұнай және газ салаларындағы жобаларға да мүдделі. Абдул Гани Барадар ауған тарапының қазақстандық инвесторлар үшін өзінің тау-кен өндіру саласын ашуға дайын екенін растады.

Дереккөз: rzd-partner.ru