Қазақстан билігі Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша жүк ағынының өсуіне жауап ретінде Ақтау портының инфрақұрылымын кеңейтуге шешім қабылдады. Бұл шешім 2023 жылдың сәуірінен бастап байқала бастаған контейнерлік тасымалдар санының күрт ұлғаюына байланысты болды.
2024 жылы Ақтау портында өңделген контейнерлердің көлемі 54 923 TEU құрады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштерден үш еседен астам артық. Мұндай өсу цифрландырудың төмен деңгейін және көлік желісінің жеткіліксіз дамуын қоса алғанда, инфрақұрылым проблемаларын анықтады.
Осы проблемаларды шешу үшiн портта жаңа контейнерлiк хаб салынады, су аймағы мен кiреберiс каналда түбiн тереңдету жұмыстары жүргiзiледi, сондай-ақ айлақтар қайта жаңартылады және қайта тиеу техникасы жаңартылады.
Дерек көзі: rzd-partner.ru