Қаңтар-ақпан айларында Қазақстан экономикасының өсімі 4,2 ​​пайызды құрады

Үкімет отырысында 2024 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен. Премьер-Министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров есепті кезеңде Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,2%-ды құрағанын мәлімдеді. Қаңтар айында көрсеткіш 3,9% болған. 

Нақты сектордағы оң динамика 5,1%-ға, қызмет көрсету саласындағы динамика 3,5%-ға жетті. Салалар арасында құрылыс, ақпарат және байланыс, көлік және қоймалау, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі ең жақсы өсімді көрсетіп отыр. 

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 7,9%-ды құрады. Олардың көлемі құрылыста 2,7 есеге, білім беруде 56%-ға, көлік пен қоймалауда 47%-ға, ақпарат пен байланыста 45%-ға, өңдеу өнеркәсібінде 37%-ға, ауыл шаруашылығында 12%-ға өсті.

Алдын ала қорытындылар бойынша 2024 жылғы қаңтарда республиканың сыртқы сауда айналымы $10 млрд-тан асты. Экспорт шамамен $6 млрд-ты құрады, ондағы өңделген тауарлар экспорты $1,6 млрд, ал тауарлар импорты $4 млрд болды. 

Ақпарат көзі: kt.kz