ҚР ҰЭМ деректері бойынша, басты көрсеткіш – ЖІӨ-нің өсімі, ол 6,4%-ға жеткен. Экономика сыртқы жағдайларға бейімделіп, тұрақты даму жолына түсті.
Негізгі драйверлер өсімі 7,3%-дан 7,4%-ға дейін жеделдеген өнеркәсіп пен 6,1%-ға ілгерілеген ауыл шаруашылығы болды. Тұрақты дамуды нақты экономиканың басқа секторлары да көрсетіп отыр. Атап айтқанда, көлік саласы 20,3%-ға, құрылыс 14,7%-ға өсті, ал сауда 8,8%-ға артты.
Дереккөз: baq.kz