Қазақстан мен Қытай арасында контейнерлерде жүк тасымалдаудың көлемі төрт айда 8,3% өсті

«Жыл сайын Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында контейнерлерде жүк тасымалдау көлемінің өсуі байқалады. 2024 жылдың төрт айында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда +8,3% құрады (532,5 мың ЖФЭ ), оның ішінде Қытай – Еуропа – Қытай бағыты +25%-ға өсті (188,6 мың ЖФЭ)», - деп жауап берді Қазақстан Республикасы көлік министрінің міндетін атқарушы Сатжан Аблалиев.

Оның айтуынша, шекаралық теміржол өткелдерінің өткізу қабілетін ұтымды пайдалану мақсатында Қытайдан/Қытайға және Қазақстан арқылы транзитпен вагондар мен контейнерлер 100% жұмыс жүктемесімен тасымалданып жатыр.

kaztag.kz