Қазақстанда теміржол тарифтері 16%-ға өсті

2025 жылғы 7 наурыздан бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ жүктерді экспортқа тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісі қызметтеріне тарифтерді көтереді. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл шешім қызметтердің нақты құнын жабу, тозуды жою және инфрақұрылымды дамыту қажеттілігінен туындаған.

Бүгінгі таңда Қазақстанның теміржол тарифтері, ҚТЖ деректері бойынша, ТМД елдері арасында ең төмен болып қала береді: Ресейден 2,7 есеге дейін, Қырғызстаннан 4,5 есеге дейін, Өзбекстаннан 7 есеге дейін. Бұл Қазақстан көрші елдердің темір жол тасымалын субсидиялайтын, қайта өңдеу үшін арзан шикізат жеткізетін жағдайды туғызады.

Тарифтердің жаңа деңгейі ҚТЖ көрсететін қызметтердің өзіндік құнын өтеуге және теміржол желісін тиісті жағдайда дамыту және қолдау үшін толық көлемде пайда алуға мүмкіндік береді.

Дереккөз: tengrinews.kz