2023 жылы Қазақстанда барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдау 4,4 пайызға ұлғайды

«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2023 жылы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көліктің барлық түрімен жүктерді тасымалдаудан ел бюджетіне 4 193 707,5 миллион теңге түсті. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 22 пайызға (2022 жылы – 3 264 416,1 миллион теңге) артық», - делінген министрліктің агенттік сауалына берген жауабында.

Ведомство мәліметінше, көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 4,4 пайызға ұлғайып, 980,7 млн тоннаны құрады. Ал 2022 жылы көліктің барлық түрімен 939,5 млн тонна жүк тасымалданған болатын.

kaz.inform.kz