2026 жылдың қыркүйегінде қазақстандық Ақтау портында 10 186 TEU ауыстырылып тиелді – бұл өткен жылмен салыстырғанда 80% артық. Бұл порттың жаңа айлық рекорды. Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша жүк тасымалының өсуі аясында бұл порттың логистикалық дәліз үшін маңызы тұрақты өсуде.
2026 жылдың 8 айында ТХКБ бойынша тасымалдаудың жиынтық көлемі 77,5 мың TEU болып бағаланады, ал Қытай – Еуропа қатынасындағы ТХКБ бойынша тасымал қаңтар-тамыз аралығында 58% - ға 44,2 мың TEU-ға дейін өсті.
Алайда, Каспий теңізі деңгейінің үздіксіз төмендеуі кеме қатынасының жағдайын нашарлатады. Сондықтан қазақстандық Ақтау портының түбін тереңдету жұмыстары басталды, Қазақстан көлік министрлігінің есебіінше бұл порттың өткізу қабілетін жоғарылатады, ТХКБ бойынша тасымалдау көлемін 30% дейін арттырып, жүктерді тасымалдаудың теңіз құрамдас бөлігінің құнын 10–15% төмендетуге тиіс деп есептейді .
Жоба аясында шамамен 1,3 млн текше метр топырақ алу және порт акваториясының тереңдігін 6-7 м-ге дейін ұлғайту жоспарлануда. Жұмыстарды аяқтау мерзімі - 2026 жылдың соңына дейін.
Дереккөз: rzd-partner.ru, infranews.ru