Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), әлемдік экономиканың тұрақсыздығына қарамастан, 2023 жылы Қазақстанның Ұлттық экономикасының тұрақтылық танытқанын мойындады. Қазақстан Ұлттық Банкінің қатаң ақша-кредит саясатының арқасында инфляция 2022 жылғы 20,3% көрсеткіштен 9,8%-ға дейін баяулады және қазіргі тәсілдерді сақтай отырып төмендеуін жалғастырады: биылғы жылдың қорытындысы ХВҚ бғалауы бойынша ол 7,7%-ды құрауы мүмкін.
2023 жылы елдің ЖІӨ 4,8%-ға өсті (2022 жылы - 3,1%).
Алайда, ХВҚ-ның болжамы бойынша, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған құрылымдық реформаларсыз қазіргі өсу қарқынын сақтау мүмкін болмайды. Оларды жедел түрде өткізуден бас тарту 2024 жылы экономикалық өсімнің 3,1%-ға дейін баяулауына әкелуі мүмкін.
Дүниежүзілік Банктің (ДБ) болжамы шамалы оптимистік - 4,3% құрайды, бұл да баяулауды білдіреді. Қазақстан билігінің өршіл мақсаты 6%-ға бағдарланғанын еске сала кеткен жөн, ел Президенті жаңа Үкімет құрамына дәл осы көрсеткішті белгілеген болатын.
Қазақстан экономикасындағы өсудің баяулауы көбінесе мұнай бағасының төмендеуіне, оны Теңіз кен орнында (Қазақстандағы ең ірі кен орындарының бірі) өндіруді кеңейту мерзімдерінің кейінге қалдырылуына, сондай-ақ Каспий құбыр консорциумы бойынша мұнай экспортының үзілуіне байланысты. Аналитиктер атап өткендей, қазіргі экономикалық өсудің болжамын реформаларды жедел және синхронды жүзеге асыру кезінде жақсартуға болады.
Дереккөз: kommersant.ru