Осы кезеңде жүк айналымы 514,5 млрд тонна-километрді құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 2,6% - ға өскенін көрсетті, деп хабарлайды ati.su сайты.
Өңірлік бөліністе қаңтар-желтоқсанда жүк айналымының ұлғаюы Шымкент (32,7%), Астана (25,7%), Алматы (24,2%) қалаларында және Павлодар (17,4%), Жамбыл (6,4%), Атырау (4,4%), Батыс Қазақстан (2,6%), Маңғыстау (1,5%) және Қызылорда (0,9%) облыстарында байқалды.
Көрсетілген кезеңде теміржол көлігіндегі жүк айналымы 5%-ға өсіп, 327,9 млрд тонна-километрді құрады.
Автомобиль көлігі бойынша жүктерді тасымалдаудың 19,5%-ға ұлғаюы және жүк айналымының 19,7%-ға ұлғаюы тіркелді.
Теңіз көлігімен 2,8 млн. тонна жүк тасымалданды, 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда жүк тасымалының 2,1 есеге ұлғаюы байқалады, жүк айналымы 1 581,4 млн. т-км құрады және өткен жылдың осы кезеңінде 1,8 есеге ұлғайды.
Дереккөз: ati.su