2026 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы Қазақстанның ЕАЭО елдерімен саудасы

2026 жылғы қаңтар-тамыздағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда 20 990,7 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 7,3% көбейді. Nауарлар экспорты 6 637,1 млн АҚШ доллары, импорт – 14 353,6 млн АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде:

  • Ресей Федерациясына - 87,3%;
  • Қырғыз – 8,3%;
  • Беларусь – 4%;
  • Армения - 0,4% келеді.

Қазақстанның импорттағы негізгі серіктес елдері: Ресей (31%), Қытай (29,8%), Германия (4,6%), АҚШ (3,9%), Корея (2,5%), Түркия (2,1%) болып табылады.

Қазақстанның экспорттағы негізгі серіктес елдері: Италия (18%), Қытай (17,6%), Ресей (8,5%), Түркия (7,9%), Франция (6,1%), Нидерланд (5,9%).

Дереккөз: sputnik.kz