Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық тұрақты өсім көрсетіп отыр. Бұл туралы Үкімет үйінде Түркия вице-президенті Жевдет Йылмазбен өткен комиссия отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлім етті.
Түркия – Қазақстанның жетекші сауда серіктестерінің бірі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 9 пайызға өсті. Экспорт көлемі 17 пайыздан астам өсіп, 3,9 млрд долларға жетті.
Үкімет басшысы екі елдің инвестициялық ынтымақтастығы екіжақты қатынастардың негізгі драйверлерінің бірі екенін атап өтті. 2005 жылдан бері еліміздің экономикасына 6 млрд доллардан астам түрік инвестициясы тартылса, былтырдың өзінде бұл көрсеткіш 390 млн долларға жуықтады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда түрік капиталының қатысуымен 5 мыңнан астам кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр. Сондайа-ақ Қазақстан мен Түркия арасындағы көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық стратегиялық деңгейге көтеріліп, екі ел арасындағы жүк тасымалы 35%-ға өсті.
Дереккөз: baq.kz