Ағымдағы жылдың басында Қазақстан тұрмыстық және цифрлық техниканың жекелеген түрлерінің экспортын ұлғайтты. Мысалы, «Электрондық есептеу техникасы, оның бөлшектері мен керек-жарақтары» бөлімінде экспорт өткен жылдың қаңтар-ақпан айларындағы 89,9 мың бірлікке қарсы 165,8 мың бірлікті құрады (кезеңдегі өсім — 84,5%). Сондай-ақ, «Теледидар қабылдағыштары» (69,9%-ға), «Тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыштар" (46%-ға) және «Тұрмыстық жуу және кептіру машиналары» (16%-ға) санаттарында экспорт көлемі айтарлықтай өсті.
Бұл ретте, осы санаттағы тауарлардың көпшілігі Қазақстанда мүлдем шығарылмайды немесе шағын көлемде өндіріледі. Яғни, электротехниканың едәуір көлемі елге одан әрі қайта экспорттау үшін әкелінеді.
Атап айтқанда, 140,7 мың бірліктен тұратын кір жуғыш машиналар санатында тек 100,7 мыңы ішкі нарықта сатылды, қалғандары шетелге қайта экспортталды.
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің кедендік статистикасының деректеріне сүйенсек, Қазақстанға цифрлық тауарлар мен тұрмыстық техника санаттарының басым бөлігіндегі импорт Қытай мен Ресей арасында іс жүзінде бөлінген. ҚХР есептеу техникасын (үлесі — 86,7%), мониторлар мен проекторларды (85%), электромеханикалық тұрмыстық аспаптарды (82,1%), кір жуғыш машиналарды (82,2%) жеткізу көлемі бойынша көшбасшы болып табылады. Ресейден Қазақстанға импорттың елеулі үлесі шаңсорғыштар (43%) және тоңазытқыш жабдықтары (30,1%) санаттарына жатады.
Қазақстаннан тұрмыстық және цифрлық техника экспортының векторы Орталық Азия мен Ресей елдеріне бағытталған. ОА елдеріне ҚР-дан экспортталатын барлық тоңазытқыштардың 82,8%-ы тиесілі. Көрші оңтүстік елдер арасындағы негізгі сатып алушы – Өзбекстан.
Ресей есептеу техникасы (үлесі — 88,2%), электромеханикалық тұрмыстық аспаптар (73,5%), мониторлар мен проекторлар (64,7%) сияқты тауарлар санаттары бойынша Қазақстаннан импорттаушылар арасында көш бастап тұр.
Дереккөз: kapital.kz