Қазақстанның Экономика министрлігінің деректеріне сәйкес, есепті кезеңде елдің ЖІӨ өсімі 5,4%-ды құрады. Динамиканың жақсаруы тауарлар өндірісінде және қызмет көрсету секторында байқалады. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 5,7%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібінде көрсеткіш 8,9%-ды құрады. Негізгі салалардың ішінде белгіленгендер:
- машина жасау (18,2%);
- азық-түлік өндірісі (13,1%);
- құрылыс материалдарын өндіру (21,6%);
- металл бұйымдарын өндіру (20,1%);
- химия өнеркәсібі (9%).
Дереккөз: inform.kz