Тұрақты даму және негізгі көрсеткіштердің өсуі

Тұрақты даму және негізгі көрсеткіштердің өсуі

123.jpg

Құрылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін нарықтың өсу жағдайында және әлемдік дағдарыс кезеңдерінде TELS GLOBAL компаниясы тұрақты даму мен негізгі көрсеткіштердің өсуін үнемі көрсетіп келеді.

Даму тенденцияларын сақтау және Клиенттер, Серіктестер және қоғам алдындағы міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру үшін TELS GLOBAL:

Қаржылық тұрақтылықты нығайтады:

  • Меншікті капиталдың 100 пайыздық үлесі және компанияның меншікті қаржыландыру көздері арқылы дамуы;

  • халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (IAS) негізінде басқару есебі;

  • D&B (Dun&Bradstreet) халықаралық рейтинг агенттігінің компанияның қаржылық жағдайына баға белгілеу;

  • жүктерді тасымалдауды сақтандыру саласындағы әлемдік көшбасшылармен ынтымақтастық.

Қызметтердің сапасын бақылайды және дамытады:

  • тұтынушылардың қанағаттануын үнемі бақылау және олардың тұтынушылық үміттерін үнемі зерттеу ;

  • автомобиль көлігі компанияларының жұмыс сапасын бақылаудың үздіксіз процесі, сенімді Серіктестерді жүйелі іздеу және іріктеу;

  • сапа менеджменті және экологиялық менеджмент (ISO) жүйелерінің тұрақты ішкі және сыртқы аудиттері.

Компаниялар Тобын дамытуға инвестиция салады:

  • TELS GLOBAL КТ аналитикалық қызметінің жүк тасымалдаудың әлемдік нарығын егжей-тегжейлі зерделеуі;

  • жаңа кеңселер мен бөлімдер ашу есебінен жүк тасымалдаудың перспективалық бағыттарын дамыту;

  • персоналды оқыту мен дамытуға жыл сайын қаражат бөлу;

  • меншік Корпоративтік оқыту орталығында қызметкерлерді оқытудың үздіксіз процесін ұйымдастыру;

өндірістік қуаттар мен сервистік қызметтерді үнемі технологиялық жаңарту және қайта жарақтандыру.